/ҚАЙТАЛАУ/ 03 ТАМЫЗДАН БАСТАП KASE ӨЗІНІҢ САЙТЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ФАЙЛЫН ЖАРИЯЛАЙТЫН БОЛАДЫ

03.08.20 10:28
/KASE, 03.08.20, 30.07.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 03 тамызынан бастап өзінің интернет-сайтында келесі ақпараты бар, бағалы қағаздардың құнын бағалау файлын жариялайтын болады: –бағалы қағаздардың сауда-саттық коды, ISIN, бағалы қағаздар түрі, қысқаша атауы; –бағалы қағаздардың және оны есептеу бірлігінің есептеу бағасы; - баға түрі нарықтық және индикативті. Аталмыш өзгертулер KASE қор нарығында орталық контрагент қызметін орындауды бастауына байланысты барлық бағалы қағаздарымен мәмілелер бойынша 2020 жылдың 03 тамызынан бастап және KASE ішкі құжаты "Бағалы қағаздарды бағалау әдістмесі" (әрі қарай – Әдістеме) ішкі құжатын жаңа редакцияда қолданысқа енгізуіне байланысты енгізілді. Әдістеменің 2 және 3 тарауларымен нарықтық немесе индикативті бағалы қағаздардың, оларды анықтау кезінде алдыңғы сауда-саттық күніне нарықтық ақпараттың болуына байланысты есепету бағасын тану тәртібі белгіленді. Бағалы қағаздардың құнын бағалау файлы KASE интернет-сайтында анықтау "Нарықтық бағалау" бөлімінде – https://kase.kz/ru/documents/marketvaluation/ жарияланады. әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/normative_base/met_ocen_zb_new.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-078-3030] [2020-08-03]