KASE ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесімен жұмыс істеу кезінде бейімделу кезеңінде Биржа мүшелеріне айыппұл санкцияларын қолданбайды

03.08.20 10:10
/KASE, 03.08.20, 17.07.20 жаңалығын қайталау/ –Қазақстан қор биржасының (KASE или Биржа) Директорлар кеңесі 2020 жылдың 15 шілдесінде ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесімен жұмыс істеу кезінде бейімделу кезеңінде Биржа мүшелеріне айыппұл санкцияларын қолданбау туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 01 маусымынан бастап, ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінің екінші релизін пайдалануды бастағанда екі күнтізбелік ай өткенге дейін Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру Ережесінің 29 бабы 4 тармағында қарастырылған, егер клирингілік қатысушы міндетін орындамау купондық сыйақы және (немесе) дивидендтік төлемді беру рәсімдерімен байланысты болса, клирингілік қатысушы оның позициясын ауыстыру рәсімін жүзеге асыратын, өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда айыппұл төлеу шарасы қолданылмасын. 1. ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінің екінші релизін пайдалануды бастағанда бір күнтізбелік айдың ішінде Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру Ережесінің 29 бабы 4 тармағында қарастырылған, егер клирингілік қатысушы оның позициясын ауыстыру рәсімін жүзеге асыратын, өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу шарасы қолданылмасын. 2. ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінің екінші релизін пайдалануды бастағанда екі күнтізбелік айдың ішінде белгіленген санкциялар: - Орталық контрагенттің қызметін орындаусыз және олар бойынша есептеулер (гросс*есептеулер) жүргізусіз бағалы қағаздармен мәміле жасау тәртібінің 11 бабы 6 тармағына сәйкес, егер сауда- саттыққа қатысушы 30 күнтізбелік күн ішінде мәмілелер бойынша қайталап есептеужүргізу жағдайы екі реттен асса, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл; - ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінің екінші релизіне ауыстырылатын, Биржа мүшелеріне бағалы қағаздары бойынша маркет-мейкері болып табылатын, маркет-мейкер қызметінің Ережесінің 6 бабы 2 тармағына сәйкес, Биржа мүшелерінің оның міндеттерін орындамаған немесе оны бұзған жағдайда маркет- мейкер мәртебесінен айырылуға қатысты; - ASTS+ сауда-саттық клирингілік жүйесінде репо операцияларын жүзеге асыру ережесінің 54 тармағына сәйкес, егер Биржа орталық контрагент қызметін орындамаған болса, репо операциясының қатысушысы , 30 күнтізбелік күн ішінде бақылау жүйесін пайдаланушы растамаған жағдайда және бұрын жасалған ашылу мәмілесін қамтамасыз ету нәтижесінде ашлыудың қайталама мәмілесін екі реттен астам жасаған жағдайда, 10 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл қолданылмасын. [2020-08-03]