KASE сауда-саттық, клиринг және есеп айырысулардың қолданыстағы жұмыс регламентінің мерзімін 03-07 тамызына дейін ұзартты

03.08.20 09:15
/KASE, 03.08.20, 30.07.20 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) қолданыстағы жұмыс регламентін 2020 жылдың 03-07 тамызына дейін ұзартты. Валюталық, ақша және қор нарықтарында айналысқа жіберілген барлық қаржы құралдары бойынша KASE нарықтарындағы сауда-саттықтар Нұр- Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-ге дейін өткізілетіндігін ескертеміз. Репо және валюталық своп қаржы құралдары бойынша қосымша сессиялар өткізілмейді. KASE Жұмыс регламенті төмендегі кестеде көрсетілген (регламент Нұр- Сұлтан қаласының уақытымен құрастырылған). -------------------------------------------------------------------------------- Клиринг регламенті Есептеулер регламенті ------------------------ ----------------------- ------------ ----------- ----------- ----------- Нарық CNYKZT_TOD Қорытынды Нарық бойынша клирингілік Сауда- клирингілік сессия Сауда- саттық сессия саттық регламенті регламенті ------------------- ----------- ------------ ----------- ----------- ----------- Валюталық шет елдік валютаны сатып 10.15–15.00 11.00–11.30 15.00–15.30 15.30–16.15 16.15–17.00 алу-сату және валюталық своп операциялары ------------------- ----------- ------------ ----------- ----------- ----------- Қор бағалы 10.00–15.00 – 15.00–16.15 15.00–15.30 16.15–17.00 қағаздарды сатып алу-сату және репо операциялары ------------------- ----------- ------------ ----------- ----------- ----------- Деривативтер нарығы 10.00–15.00 – 15.00–15.30 15.30–16.15 16.15–17.00 -------------------------------------------------------------------------------- CNYKZT_TOD құралдары бойынша сауда-саттық, клиринг және есептесулер әдеттегі тәртіптемеде жүргізіледі. USDKZT_TOM құралы бойынша орташа сараланған бағамды аралық белгілеу әдеттегі тіртіптемеде 11.00-де жүзеге асырылады. Күннің қорытындысы бойынша АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамды есептеу валюталық нарықта сауда-саттықты аяқтаған соң жүргізіледі. Аталмыш бағам валюталардың айырбастау бағамын анықтау мақсатында, 15.30 - дағы жағдай бойынша белгіленген бағам болып табылады. Сауда-саттыққа қатысушылардан қаржыны қайтаруға өтінімдерді қабылдау сағат 16.15-ке дейін, қаржыны қайтару – 17.00-ге дейін жүргізіледі. АҚШ долларына номинацияланғантхалықаралық облигациялармен сауда- саттық жүргізу кезінде, Қазақстан қор биржасында мәмілелер мен өтінімдердің теңгемен параметрлерін қайта есептеу үшін алдығы күнгі USDKZT_TOM құралы бойынша орташа сараланған бағамы пайдаланылады. Сауда-саттық барысы трансляциялау және олардың қорытындысының KASE сайтында жариялануы әдеттегі режимде жүргізіледі. [2020-08-03]