03 ТАМЫЗДАН БАСТАП, ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ ASTS+ САУДА-САТТЫҚ КЛИРИНГІЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ ЕКІНШІ РЕЛИЗ ӨНДІРІСТІК ПАЙДАЛАНУҒА ЕНГІЗІЛЕДІ

30.07.20 17:32
/KASE, 30.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа), 2020 жылдың 03 тамызынан бастап, қор нарығының ASTS+ сауда-саттық- клирингілік жүйесінің (әрі қарай – ASTS+) екінші релизі өндірістік пайдалануға енгізілетінін хабарлайды. Аталмыш күннен бастап, қор нарығының барлық қаржы құралдарымен сауда-саттық ASTS+ жүргізіледі. Қор нарығында қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған сауда-саттық жүйесінде (САЖ) ASTS+ екінші релизін іске қосу күніне дейін САЖ ашылған перо операцияларын жабу мәмілесін есептеу мүмкіндіктерінен басқа, қор нарығының қаржы құралдарымен сауда-саттық жабылады. KASE қор нарығының қаржы құралдарын ағымдық сауда-саттық жүйесінен ASTS+ сауда-саттық жүйесіне аудару кезең-кезеңмен жүзеге асырылатындығын ескертеміз. 2019 жылдың 03 желтоқсанынан (бірінші кезең) ASTS+ мынада сауда-саттық жүргізіледі: - инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарымен, акцияларымен, ETF – есептеуі теңгемен; - еврооблигациялармен, депозитарлық жазылымдармен – есептеуі АҚШ долларымен. Бірінші кезең аясында барлығы ASTS+ 266 қаржы құралдарымен сауда- саттық аударылды (174 бағалы қағаздардың шығарылымы және 92 автоматты репо құралы). Есептеуі теңгемен еврооблигациялармен және басқа да қор нарығының қаржы құралдарымен сауда-саттық, репо нарығы құралдарын қоса, САЖ 03 тамызға дейін жүргізілді. 03 тамыздан бастап, ASTS+ 620 қаржы құралдары ауыстырылады, оның ішінде қор нарығының сатып алу-сату секторында бағалы қағаздардың 469 шығарылымы және автоматты репо нарығының 151 құралы бар. Сонымен қатар, 178 қаржы құралдарымен сауда-саттық Т+2 есептеулерімен жүргізіледі. ASTS+ қол жетімді барлық құралдармен сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 411,5 млрд теңгені құрайды (қор нарығында 27,3 млрд теңге және автоматты репо операциялары бойынша 384,3 млрд). Аталмыш күннен бастап, әрбір жеке мәміле бойынша гросс-негізде жүргізілетін есептеулер қаржы құралдарының қатарында репо операцияларынан өзге, Биржа қор нарығында барлық бағалы қағаздармен мәміле бойынша орталық контрагент қызметін атқарады. Орталық контрагенттің барлық мәмілелері бойынша клирингілік қатысушылардың нетто-позициясын анықтау жолымен оларды есептеу клирингілік сессиясында орындау үшін клиринг жүргізіледі. Биржа орталық контрагент ретінде мұндай мәмілелер бойынша олардың орындалуына кепілдік береді. Сондықтан, алғаш рет Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығында қор нарығының мәмілелерінің барлық түрлері бойынша қор нарығының барлық мәмілелері бойынша, сату-сатып алу және репоны қоса қатысушылардың неттинг позициясы енгізіледі. Бұл Биржа мүшелерінің өтімділігін басқару тиімділігін біршама арттырады және транзакциялық шығасының төмендеуіне алып келеді. Орталық контрагентпен мәмілелер бойынша есептеулерді KASE "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамының корреспонденттік шотын пайдалану арқылы өз бетінше жүргізеді. Бағалы қағаздар бойынша Қазақстан қор биржасында орталық контрагенттің қатысуынсыз өткізілетін, бағалы қағаздар бойынша жасалған барлық мәмілелерді есептеу ұйымы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ ақшалай және бағалы қағаздармен қалдырады. ASTS+ екінші релизін іске қосуға байланысты, KASE ішкі құжаттарына тиісті түзетулер енгізілді және 2020 жылдың 03 тамызынан бастап, қолданысқа енгізілетін жаңа ішкі құжаттар енгізілді. Аталмыш құжаттар KASE сайтында "ASTS+ үшін ережелер" бөлімінде http://kase.kz/ru/kase_rules_asts/ мекен- жайында жарияланған. Осы бөлімде ASTS+сауда-саттық-клирингілік жүйесінің жұмыстары бойынша жиі қойлатын сұрақтарға жауаптар орналасқан – http://kase.kz/files/mix/faq_asts.pdf Аталмыш оқиғаға арналған баспасөз хабарламасы KASE интернет- сайтында таяу уақытта "Баспасөз хабарламасы" бөлімінде – http://kase.kz/ru/press_releases/ жарияланады. [2020-07-30]