KASE Басқармасы Т+ Тізімін және Т+ қамтамасыз ету тізімін бекітті

30.07.20 19:57
/KASE, 30.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 28 шілдесінде бекітілді: - Жартылай қамтамасыз ету жағдайында орталық контрагентпен мәмілеге жіберілген, қор нарығының қаржы құралдары тізімі (Т+ тізімі); - Жартылай қамтамасыз ету жағдайында мәмілелер бойынша міндеттемені қамтамасыз ету ретінде ескерілген, қор нарығының қаржы құралдарының тізімі (Т+ қамтамасыз ету тізімі). Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі қор нарығында ASTS+ сауда-саттық –клирингілік жүйесінің екінші релизін өндірістік пайдалануға енгізген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізімі KASE сайтында таяу уақытта жарияланады. Басқарма осы шешіммен көрсетілген күннен бастап, Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізіміне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еуроға номинацияланған, валюта шығарылымы бойынша қосылу талаптарын қанағаттандырмайтын келесі еурооблигациялары бойынша: 1) XS1901718335 (KZ_10_2811); 2) XS2050933899 (KZ_14_2609). Қазақстан Республикасының Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізіміне қаржы құралдарын қосу Тәртібінің талаптарына сәйкес келетін мемлекеттік бағалы қағаздарын тиісті тізімге қосу Қазақстан Республикасының осындай мемлекеттік бағалы қағаздарымен сауда-саттық ашылған күннен бастап, автоматты түрде жүзеге асатынан назарларыңызға қосымша ұсынамыз. Т+ тізімі және Т+ қамтамасыз ету тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-07-30]