/KASE, 28.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан)
компанияның қаржылық есеп берушілігі бойынша 2019 жылға аудиторлық
есепті жариялады.
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудит жүргізілген
мәліметтерге сәйкес (өзгесі көрсетілмесе, мың):
-------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.19 31.12.18
---------------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал 14 337 476 12 953 275
Жиынтық активтер 26 405 096 25 744 925
Жиынтық міндеттемелер 12 067 620 12 791 650
Сату көлемі 10 703 701 10 147 644
Жалпы кіріс 2 715 017 2 349 069
Таза пайда (таза шығын) 1 415 606 1 293 568
Жай акцияның баланстық құны, теңге 3 543,00 3 235,00
ROA, % 5,36 5,02
ROE, % 9,87 9,99
ROS, % 13,23 12,75
--------------------------------------------------------
Компанияның 2019 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті
"Эрнст энд Янг" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес
шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-
ауқат қоры" АҚ және оның еншілес компанияларының барлық елеулі
көрсеткіштер бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес,
көрсетілген датаға шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір
жылдағы ақша қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты
көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/SKKZ/skkzf6_2019_cons_rus.pdf
[2020-07-30]