"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі АҚ Visa – мен бірге қазақстандық бизнесмендерге – "Пакеттік қызметтер конструкторы" атты бірегей қызметін ұсынды

30.07.20 10:58
/KASE, 30.04.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған 2020 жылдың 29 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін хабарлады: цитата басы Енді отандық кәсіпкерлер бір қатар қызметтер үшін алынатын банк комиссияларынан үнемдей алады, яғни керекті банктік қызметтерді өздерінің қажеттіліктеріне сай келетін пакетке жинақтайды. Бизнес-клиенттерге ыңғайлы болуы үшін Сбербанк Visa-мен бірге moedelo.sberbank.kz атты қолайлы онлайн-конструктор жасап шығарды, ол банктік қызметтерді бизнестің қажеттіліктеріне сай жекешелендіруге мүмкіндік береді. «Пакеттік қызметтер конструкторы» — бұл клиенттерімізге ұсынылып отырған жаңа әдіс. Moedelo.sberbank.kz сайтындағы қарапайым сұрақтарға жауап беру арқылы кәсіпкер өз компаниясы үшін шын мәнінде қажетті қызметтер жиынтығын алады. Конструктор логикасында біз түрлі салалардағы бизнестің банкпен жұмысы кезінде туындауы мүмкін барлық қажеттіліктерді қарастыруға тырыстық. Отандық бизнесмендер бұл сервисті жоғары бағалайтынына сенімдімін. Біріншіден, мұндай әдіс уақыт ақшадан да қымбат болып тұрған осындай уақытта мінсіз шешім болып табылады, себебі бөлімшеге келіп қажеті жоқ. Екіншіден, пандемия жағдайында бұл - банкпен қарым-қатынас жасаудың ең қауіпсіз жолы», - дейді Корпоративтік бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Виталий Шемелин. цитата соңы [2020-07-30]