/KASE, 28.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "RG BRANDS" АҚ (Алматы) компанияның қаржылық есеп
берушілігі бойынша 2019 жылға аудиторлық есепті жариялады.
2019 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша аудит жүргізілген
мәліметтерге сәйкес (өзгесі көрсетілмесе, мың):
-----------------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.19 31.12.18
------------------------------------------- ---------- ----------
Меншікті капитал 22 588 960 17 775 772
Жиынтық активтер 68 485 238 53 942 752
Жиынтық міндеттемелер 45 896 278 36 166 980
Сату көлемі 66 289 024 52 969 385
Жалпы кіріс 27 372 147 19 781 341
Таза пайда (таза шығын) 6 623 107 3 684 083
Жай акцияның баланстық құны, теңге 7 181,00 5 621,00
Артықшылықты акцияның баланстық құны, теңге 1 200,00 1 200,00
ROA, % 9,67 6,83
ROE, % 29,32 20,73
ROS, % 9,99 6,96
-----------------------------------------------------------------
Компанияның 2019 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитті
"Делойт" ЖШС жүргізді. Аудиторлық тұжырымдамаға сәйкес
шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік "RG Brands" АҚ және оның
еншілес компанияларының барлық елеулі көрсеткіштер бойынша 2019
жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шоғырландырылған
қаржылық жағдайын, сондай-ақ, ҚЕХС сәйкес, көрсетілген датаға
шоғырландырылған қаржылық нәтижелер мен бір жылдағы ақша
қаржыларының шоғырландырылған қозғалысын нақты көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/RGBR/rgbrf6_2019_cons_rus.pdf
[2020-07-28]