29 шілдеден бастап Украина Қаржы миинстрлігінің XS2010033343 (UA_02_3001) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

27.07.20 09:38
/KASE, 27.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2020 жылдың 29 шілдесінен бастап Украина Қаржы миинстрлігінің XS2010033343 (1 250 млн евро; 27.01.20 – 27.01.30; жылдық купон, жылдық 4,375 %,; actual/actual) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигацияларға рұқсат беру бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы). Негізгі биржасы Irish Stock Exchange болып табылады. Аталмыш облигацияларға UA_02_3001 (сауда-саттық коды) қысқартылған белгісі берілді. Аталмыш облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қаржыландыру аясында шығарылған. Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-07-27]