"Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
27.07.20 10:59
/KASE, 27.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Лондон-Алматы" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020
жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 1 500 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "DOSTYK LEASING" ЖШС болып табылады.
[2020-07-27]