23 шілдеде "БАСТ" АҚ KASE сауда-саттық жүйесінде 25 007 KZ1C00001015 (BAST) жай акциясын 300,1 млн теңге сомасына орналастырды

23.07.20 19:23
/KASE, 23.07.20/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ1C00001015 (KASE альтернативтік сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, BAST) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды. Ораналстыруға барлығы 40 110 жай акция ұсынылды. Сауда-саттықтың заты ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, бір жай акцияның бағасы болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық түрде Алматы уақытымен (ALT) 9:30-дан 11:30- ға дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Өтінімдерді жинау кезеңі аяқталған сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне заңды тұлғалардың шоттарынан 25 007 акцияны жалпы көлемі 300 084 000,0 теңгеге сатып алуға екі өтінім келіп түсті. Аталмыш өтінімдер 12 000 теңге бағасымен берілген. Ұсынымға сұраным 62,3 % құрады. Сауда-саттықтардың нәтижелері бойынша сатушы бір өтінімді қанағаттандырып, 12 000,00 теңге бағасымен 25 007 акцияны сатты. Қаржы тарту көлемі 300 084 000,0 теңгені құрады. [2020-07-23]