"КазТрансГаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

23.07.20 11:56
/KASE, 23.07.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансГаз" АҚ ("КазТрансГаз" АҚ , бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 352 547 508 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ болып табылады. [2020-07-23]