"ПОЗИТИВ-А" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
23.07.20 09:07
/KASE, 23.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "ПОЗИТИВ-А" АҚ ("ПОЗИТИВ-А" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 978 088 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға Жылбаева Ж.А. болып табылады.
[2020-07-23]