"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.07.20 10:37
/KASE, 21.07.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 58 421 838 дана; - компанияның 57 937 775 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2020-07-21]