АНОНС: 23 ШІЛДЕДЕ KASE ЖӘНЕ "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ АЙМАҚТАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗЕДІ

17.07.20 17:43
/KASE, 17.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 23 шілдесінде аймақтағы кәсіпкерлер үшін онлайн форматта "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорымен "Қор нарығында капитал тарту" атты дөңгелек үстел өткізетіні туралы хабарлайды. Іс-шараның басталуы алматы уақытымен сағат 15:00. Zoom конференциясына қатысу үшін https://zoom.us/j/97324577544?pwd=aEZRd2lTYVhDYkRzSWVIaUhhL1h0Zz09 сілтемесіне қосулы керек. Конференцияның идентификаторы: 973 2457 7544 Пароль: 789487 Дөңгелек үстел қор нарығының құралдары арқылы қаржы тарту мүмкіндіктері туралы бизнес-қауымдастық және басқа да мүдделі тұлғалардың ақпарат алуын арттыру мақсатында өткізіледі. Іс-шара аясында қаржы тарту мүмкіндігін субсидиялық облигациялар шығарылымы арқылы қарастыруды талқылау және қатысушылардың сауалдарына жауап беру жоспарлануда. Қатысу мәселесі бойынша KASE эмитенттері мен инвесторларымен жұмыс Департаментіне төменде көрсетілген контактілер бойынша хабарласуға болады: - жұмыс телефоны: +7 727 237 6019; - электрондық пошта мекен-жайы: customers@kase.kz. [2020-07-17]