15 шілдеде KASE "Қазақтелеком" АҚ басшылығымен "Эмитент күні аясында" онлайн кездесу өткізді

16.07.20 18:04
/KASE, 16.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 15 шілдесінде KASE "Қазақтелеком" АҚ басшылығымен 2020 жылдың бірінші тоқсанына компания қызметінің қорытындысына арналған, инвесторлармен, бағалы қағаздардың нарығы кәсіби қатысушылармен және БАҚ өкілдерімен "Эмитент күнін" өткізді. Кездесуде 2020 жылдың есептік кезеңіне "Қазақтелеком" АҚ операциялық және қаржылық көрсеткіштеріның қорытындысы ұсынылды. 2020 жылдың бірінші тоқсанына түсім 122 млрд теңгені құрады, по EBITDA бойынша рентабельділігі 47%, көрсеткіші 57 млрд теңге. Капиталға инвестициясы есептік кезеңде 11 млрд теңгені құрады. "Қазақтелеком" АҚ – Қазақстандағы телефонияның ірі операторы болып табылады және ұлттық компанияның мәртебесіне ие. Бүгінгі таңда қор нарығында S&P (BB+, "тұрақты" болжам) және Fitch (BBВ-, "тұрақты" болжам) несие рейтингімен неғұрлым белсенді эмитенттердің бірі. "Қазақтелеком" АҚ акциялары KASE Индексінің өкілеттік тізіміне кіреді. Толығырақ сілтемеде: https://kase.kz/ru/events/show/2020/issuers_day_kaztel_july_2020/ [2020-07-16]