/KASE, 15.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2020 жылдың
17 шілдесінде KASE сауда-саттық "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ
(Нұр-Сұлтан) KZ2C00006849 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық
облигациялар" санаты, AGKKb13) облигацияларын орналастыру бойынша
төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық өткізіледі.
---------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00006849
KASE сауда-саттық коды: AGKKb13
Номиналдық құны, теңге: 1 000
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 10 000 000 000
– орналастырылған: 5 045 147 000
Айналыста болудың басталуы: 08.07.20
Өтеудің басталу күні 07.07.21
Айналыста болудың соңғы күні: 08.07.21
Айналыста болу мерзімі: 12 ай
Купон мөлшерлемесі жылдық 10,75 %
Купонды төлеу мерзімділігі жылына бір рет
Купон төлеуді бастау күні: 08.07.21
Уақыттық базасы: 30 / 360
--------------------------------- -----------------------
Сауда-саттық күні: 17.07.20
Өтеуге дейінгі мерзім: 351 күн
Жарияланған орналастыру көлемі 4 954 853 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: таза бағасы
Сатуға өтінім түрлері: шектелімді
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:30–11:30
Өтінімдерді растау уақыты: 09:30–12:00
Кесім уақыты: 12:30 (Т+0)
Төлем уақыты: 17.07.20, 12:30
Өтінімдерді қкесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға
тең немесе одан төмен
қарсылама өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: кесімдеу бағасына тең
немесе қарсылама
өтінімдерді қабылау
уақыты бойынша
Сауда-саттық бастамашысы "Tengri Partners
Investment Banking
(Kazakhstan)" АҚ
Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1
Сауда-саттық жүйесі тобы Com_Bonds_ST1_M
---------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен бір
облигацияның (жинақталған өтінімді ескере отырып) "таза емес" бағасы
көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімде қаржы құралдарының саны лот көлеміне
тең немесе қатар болуы тиіс.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере
алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады.
Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында
жарияланған.
Мәміленің көлемі
http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf
жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған
мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына
сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында алматылық уақытпен сағат
18:20-ға дейін болуын қамтамасыз етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
мекен-жайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен
http://kase.kz/ru/bonds/show/AGKKb13/ мекен-жайында танысуға болады.
[2020-07-15]