15 шілдеден бастап "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ негізгі активі KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары болып табылатын US46627J3023 (HSBKd_USD) жахандық депозитарлық жазылымдары KASE ресми тізімінің "Туынды бағалы қағаздар" тізіміне және Т+ Тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізілді

15.07.20 22:12
/KASE, 15.07.20/ – Бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 30 маусымында "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) негізгі активі KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялары болып табылатын, US46627J3023 (HSBKd_USD) жахандық депозитарлық жазылымдарын KASE ресми тізімінің "Туынды бағалы қағаздар" тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады . Аталмыш бағалы қағаздардығ іске қосу бастамашысы "Қазақстан Халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Басқарманың аталмыш шешімі 2020 жылдың 15 шілдесінен бастап күшіне енді. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық ашылу туралы қосымша хабарланады. KASE Басқармасының шешімімен аталмыш бағалы қағаздар орталық контрагенттің мәмілелеріне жеке қамтамасыз ету шарттарымен (Т+ Тізімі) және жартылай қамтамасыз ету мәмілелері бойынша қамтамасыз ету ретінде ескерілген, қор нарығының қаржы құралдары тізіміне (Т+ қамтамасыз ету тізімі) енгізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылуы туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында таяу уақытта https://kase.kz/ru/issuers/HSBK/ мекен- жайында шығады. [2020-07-15]