2020 жылы қаңтар-маусым айында Қазақстан қор биржасындағы МБҚ сауда-саттығының көлемі 2,1 есе өсіп, 2,3 трлн теңгеге дейін өсті

14.07.20 14:09
/KASE, 14.07.20/ – 2020 жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) сауда- саттығының* көлемі 2 322,4 млрд теңгені құрады және 2019 жылмен салыстырғанда 2,1 есе өсті. 2019 жылдың соңғы алты айымен (шілде-желтоқсан) салыстырғанда сауда- саттық көлемі 223,9 % өсті. Төмендегі кестеде 2020 жылы биржалық нарықтың аталған секторындағы сауда-саттық көлемі айларға бөлініп көрсетілген, сондай-ақ 2019 жылдың тиісті кезеңіндегі салыстырмалы мәліметтері берілген. --------------------------------------------------- Жыл Бастапқы нарық Қайталама нарық* Барлығы* ай ---------- -------------- ---------------- -------- 2020, I 168,1 14,2 182,3 ---------- -------------- ---------------- -------- 2020, II 89,3 6,1 95,3 ---------- -------------- ---------------- -------- 2020, III 276,3 277,5 553,9 ---------- -------------- ---------------- -------- 2020, IV 539,1 83,8 622,9 ---------- -------------- ---------------- -------- 2020, V 222,9 66,8 289,7 ---------- -------------- ---------------- -------- 2020, VI 525,8 52,5 578,3 ---------- -------------- ---------------- -------- Барлығы 1 821,5 500,8 2 322,4 2019, I-IV 889,2 217,4 1 106,6 тренд, % +104,8 +130,3 +109,9 --------------------------------------------------- *репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда. [2020-07-14]