"Самұрық-Энерго" АҚ 2020 жылдың бес айына Қазақстандағы электр энергиясы мен көмір өндіру туралы хабарлады

09.07.20 12:45
/KASE, 09.07.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына 2020 жылдың 09 шілдесіндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Жүйелік оператордың деректері бойынша ҚР электр станциялары 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 45 577,5 млн.кВтсағ. электр энергиясын өндірген, бұл 2019 жылдың дәл осындай кезеңінен 3,3%-ке көп. Артығымен өндіру Қазақстан БЭЖ-інің барлық зоналарында байқалды. «Самұрық- Энерго» АҚ-ның ресми сайтында орналастырылған, Қазақстанның 2020 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы электр энергиясы мен көмірінің нарығына жасалған талдау-есепте осы туралы айтылған. 2020 жылғы бес айда генерациямен байланыстырылған электр энергиясын өндіру 22,5 млрд. кВтсағатты құрады, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен барабар (22,8 млрд. кВтс). Сонымен бірге, 2019 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда байланыстырылған генерацияның үлесі кіші-гірім өсіп, ҚР-да өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінің 49,6%-тін құрады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның энергия өндіретін ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-мамырда өндірген электр энергиясының көлемі 12 225,7 млн. кВтсағатты құрады немесе 2019 жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 7%-ке ұлғайды. Жүйелік оператордың деректерінше, өткен жылғы осындай кезеңнің көрсеткіштерімен салыстырғанда 2020 жылғы қаңтар-мамырда республиканың электр энергиясын пайдалану динамикасында 2% өсім байқалды. Мәселен, республиканың солтүстік зонасында тұтыну 2%-ке, батыс зонасында 5%-ке және оңтүстік зонасында 1%-ке өскен. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында https://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_090720_kz.pdf танысуға болады. [2020-07-13]