KASE БАСҚАРМАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕЗИДЕНТ-ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨТІМДІ ЕМЕС БОРЫШТЫҚ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫНЫҢ ӘДІЛ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ ҮШІН 2020 ЖЫЛДЫҢ ҮШІНШІ ТОҚСАНЫНА КІРІСТІЛІКТІҢ ОРТАША САРАЛАНҒАН МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН АНЫҚТАДЫ

13.07.20 09:55
/KASE, 13.07.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE или Биржа) Басқармасының 2020 жылдың 09 шілдесіндегі шешімімен 2020 жылдың үшінші тоқсанына Қазақстан Республикасының резиденттері – өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың құнын есептеу үшін келесі жағдайлар анықталды: 1)теңгемен номинацияланған индекстелмеген борыштық бағалы қағаздар бойынша: негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша – жылдық 7,40 %; негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша – жылдық 11,50 %; балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша – жылдық 10,89 % балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша – жылдық 10,31 %; 2)теңгемен номинацияланған және инфляция бойынша индекстелген борыштық бағалы қағаздар бойынша, немесе теңгенің бағамы шет елдік валютаға байланысты емес жылжымалы мөлшерлемемен: негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша – жылдық 13,16 %; 3)теңгемен номинацияланған және шет елдік валютаға теңгенің бағамы бойынша индекстелген борыштық бағалы қағаздар бойынша және шет елдік валютамен номинацияланған борыштық бағалы қағаздар бойынша: балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша – жылдық 6,02 %. KASE Басқармасы аталмыш мөлшерлеменің мәнін есептеу мүмкін емес бағалы қағаздардың тобы үшін борыштық бағалы қағаздардың орташа сараланған кірістілік мөлшерлемесін анықтамау туралы шешім қабылдады. Борыштық бағалы қағаздардың орташа сараланған кірістілік мөлшерлемесін есептеу тәртібі KASE Директорлар кеңесінің 2018 жылдың 11 сәуіріндегі шешімімен бекітілген "Өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың кірістілігінің орташа сараланған мөлшерлемесін есептеу және олардың әділетті құнын анықтау әдістемесі" (әрі қарай ( Әдістеме) KASE жаңа ішкі құжатымен анықталған. Әдістеме Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2014 жылдың 26 ақпанындағы №24 (Ереже) қаулысымен бекітілген зейнетақы активтерін бағалау және есепті жүргізу Ережесіне өзгертулер енгізуге байланысты, "Борыштық бағалы қағаздардың кірістілігінің орташа сараланған мөлшерлемесін есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатының орнына қолданысқа енгізілді. Аталмыш орташа сараланған кірістілік мөлшерлемесі келесі белгіленген Ережелерге сәйкес анықталатынын ескертеміз: 1) Ереженің 17 тармағына сәйкес Биржа апта сайын өзінің интернет- сайтында апта сайын Қазақстан Республикасының резиденттері- ұйымдар шығарған және Биржаның ресми тізіміне енгізілген өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың әділетті құны туралы мәліметті жариялауы тиіс. Сонымен қатар, аталмыш қағаздар дегеніміз – нарықтық бағасы (кірістілігі) Биржаның ішкі құжаты "Бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне" сәйкес есептелмеген бағалы қағаздар болып табылады; 2) Ереженің 16 тармағына сәйкес аталмыш қағаздардың әділетті құны Биржаның ішкі құжаты "Өтімді емес борыштық бағалы қағаздардың орташа сараланған мөлшерлемесін есептеу және олардың әділетті құнын есептеу әдістемесі" негізінде анықталады; Ереженің 16 тармағына сәйкес аталмыш қағаздардың әділетті құны Биржаныі ішкі құжаты негізінде анықталады сонымен бірге кірістіліктің орташа саралнған мөлшерлемесін Биржа басқармасы тоқсанына бір рет қор биржасының ресми тізімінің оқшауланған алаң аясында "Борыштық бағалы қағаздар" секторында әрбір жеке санат үшін анықталады: теңгемен номнацияланған индекстелмеген борыштық бағалы қағаздар; теңгемен номинацияланған және инфляциямен индекстелген немесе жылжымалы мөлшерлемемен, теңгенің шет елдік валютаға бағамына тәуелсіз, борыштық бағалы қағаздары; теңгемен номинацияланған және теңге бағамымен АҚШ долларына индекстелген борыштық бағалы қағаздар және АҚШ долларымен номинацияланған борыштық бағалы қағаздар. Әдістеме KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/normative_base/metodika_discountrates.pdf мекен-жайында орналасқан. [2020-07-13]