"Fincraft Capital" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

08.07.20 08:48
/KASE, 08.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Capital" АҚ ("Fincraft Capital" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 131 250 дана; - компанияның 99 626 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "БТА Банкi" АҚ болып табылады. [2020-07-08]