"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
07.07.20 07:35
/KASE, 07.07.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем пос., бұдан
әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің
2020 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана,
артықшылықты акциялар саны – 11 100 дана;
- компанияның 6 588 624 жай акциялары және 9 689 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның
меншігінде 6 592 226 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан
99,91%) соның ішінде компанияның 6 588 624 жай акциясы (компанияның
орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00%) және 3 602
артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының
жалпы санынан 37,18%) бар.
[2020-07-07]