Қазақстан қор биржасында 07 шілдеден 17 шілдеге дейін сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 15::00-ге дейін өткізіледі

03.07.20 18:15
/KASE, 03.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 07 шілдеден 17 шілдеге дейін сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сағат 15:00-ге дейін өткізіледі. Валюталық, ақша және қор нарықтарында айналысқа жіберілген барлық қаржы құралдары бойынша KASE нарықтарындағы сауда-саттықтар өткізіледі. Репо және валюталық своп құралдары бойынша қосымша сессия жүргізілмейді. KASE Жұмыс регламенті төмендегі кестеде көрсетілген (регламент Нұр- Сұлтан қаласының уақытымен құрастырылған). ------------------------------------------------------------------------------------ Клиринг регламенті Есептеулер регламенті ------------ ----------- ------------- ------------- Нарық CNYKZT_TOD Қорытынды Сауда- Биржаның бойынша клирингілік саттыққа міндетемесін Сауда- клирингілік сессия қатысушылар орындау саттық сессия міндеттемесін уақыты регламенті орындау уақыты ------------------- ----------- ------------ ----------- ------------- ------------- Валюталық шет елдік валютаны сатып 10.15–15.00 11.00–11.30 15.00–15.30 15.30–16.15 16.15–17.00 алу-сату және валюталық своп операциялары ------------------- ----------- ------------ ----------- ------------- ------------- Қор бағалы 10.00–15.00 – 15.00–16.15 15.00–15.30 16.15–17.00 қағаздарды сатып алу-сату және репо операциялары ------------------- ----------- ------------ ----------- ------------- ------------- Деривативтер нарығы 10.00–15.00 – 15.00–15.30 15.30–16.15 16.15–17.00 ------------------------------------------------------------------------------------ CNYKZT_TOD құралдары бойынша сауда-саттық, клиринг және есептесулер әдеттегі тәртіптемеде жүргізіледі. USDKZT_TOM құралы бойынша орташа сараланған бағамды аралық белгілеу әдеттегі тіртіптемеде 11.00-де жүзеге асырылады. Күннің қорытындысы бойынша АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамды есептеу валюталық нарықта сауда-саттықты аяқтаған соң жүргізіледі. Аталмыш бағам валюталардың айырбастау бағамын анықтау мақсатында, 15.30 - дағы жағдай бойынша белгіленген бағам болып табылады. Сауда-саттыққа қатысушылардан валюталық нарықта маржалық қамтамасыз етуді қайтаруға өтінімдерді қабылдау сағат 16.15-ке дейін жүргізіледі, маржалық қамтуды қайтару – 17.00-ге дейін. АҚШ долларына номинацияланған халықаралық облигациялармен сауда- саттық жүргізу кезінде, Қазақстан қор биржасында мәмілелер мен өтінімдердің параметрлерін теңгемен есептеу үшін алдыңғы күннің USDKZT_TOM құралдары бойынша орташа сараланған бағамы пайдаланылады. Сауда-саттық барысын хабарлау және олардың қорытындысын KASE сайтында жариялау әдеттегі режимде өтеді. [2020-07-03]