ХАБАРЛАМА: "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын, кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлама

01.07.20 20:57
/KASE, 01.07.20/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Биржа) атқарушы органның (Басқарма) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8ші қабат, өз акционерлеріне, Биржалық кеңестің шешімімен (бастамасы) шақыртылатын (2020 жылдың 29 маусымындағы № 24 отырыс хаттамасы), биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыс Биржа акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы өтеді. Жиналыстың күн тәртібі: Биржаның 2 аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы. Бюллетеньдерді ұсыну күні – 2020 жылдың 02 шілдесі. Сырттай дауыс беру нәтижесін санау үшін бюллетеньдерді ұсынудың соңғы күні – 2020 жылдың 14 тамызы. Сырттай дауыс беруді санау күні – 2020 жылдың 17 тамызы. Жиналыста дауыс беруді қорытындылау кезінде Биржаға 2020 жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18.00 дейін акционерлерден алынған сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдер ескеріледі. Жиналысқа қатысуға құқылы Биржа акционерлерінің тізімі 2020 жылдың 27 ақпанында алматы уақытымен сағат 00.00 дейін құрастырылады. Жиналысты өткізу туралы хабарламаның толық мәтіні Биржаның интернет- сайтында – https://kase.kz/files/for_shareholders/meeting_170820_kaz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2020-07-01]