"RG Brands" АҚ KZ2C00002129 (RGBRb7) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

01.07.20 10:05
/KASE, 01.07.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап "RG Brands" АҚ KZ2C00002129 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, RGBRb7; 1 теңге, 7,0 млрд теңге; 01.07.13 – 01.07.20; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигациялары мерзімнен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталмыш облигациялар 2013 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатында айналымға жіберілді. Олармен сауда-саттық 2013 жылдың 25 қыркүйегінен бастап ашылды. [2020-07-01]