KASE Директорлар кеңесі Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелеріне түзетулерді бекітті

30.06.20 20:29
/KASE, 30.06.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 29 маусымындағы шешімімен "Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингілік қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 6 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Аталмыш түзетулер қор нарығында ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінің екінші релизі өндірістік эксплуатацияға берілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл туралы қосымша хабарланады. Аталмыш түзетулер мынадай мақсаттарда енгізілді: - клиенттік клирингілік шотқа қатысты ғана қолданылатын, ерікті провайдер ұғымы нақтыланды; - толық қамту шарттарымен қамтудың жеткіліктілігін тексеру бойынша ұғымды нақтылау; - қаржы құралдары бойныша баға ауытқу шектелімінің мөлшерлемесін, қаржы құралдарының нарықтық тәуекелін бақылайтын, орталық контрагенттің тәуекелін басқару жүйесінің тәуекел-параметрлерін енгізілуіне/бар болуына байланысты, алып тастау; - түрлі биржалық сауда-саттықтарда Биржаның қамтуға қоятын талаптарының әртүрлі уақыттық тәртіпке байланысты Биржаның жартылай қамтуға қойған талаптарын орындамау жағдайында, жосықсыз және дәрменсіз клирингілік қатысушы деп мойындау механизмін өзгерту; - Биржа Басқармасының тәуекел-параметрлерін анықтау бойынша Әдістемені бекіту аясында тәуекел-параметрлерін қайта қарау мерзімділігін анықтау бойынша Биржа Басқармасына өкілеттілік беру; - орталық контрагетпен жасалатын операциялар бойынша купондық сыйақыларды немесе дивидендтерді және бір клирингілік шоттан екіншісіне облигацияларды сатып алу-сату мәмілелері бойынша купондық сыйқаны, бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімілін тиянақтау репо операциясының мерзімі барысында немесе сатып алу-сату мәмілесін жасасу датасы мен мен осы мәміле бойынша есеп айырысу датасы арасында жүзеге асрыылған жағдайда, беру тәртібін сипаттау; - ASTS+ сауда-клирингілік жүйесіне орталық контрагентсіз жасалған мәмілелер бойынша сауда-саттықтарға ауысумен байланысты, есеп айырысулардың тәртібін сипаттау; - изменения пороговых значений цен, в диапазоне которых Биржа при участии провайдеров проводит процедуры принудительной ликвидации; - өтеуге жататын, бағалы қағаздар бойынша нетто-міндеттемелердің дефолтын реттеу тәртібін сипаттау; - деривативтер нарығындағы барлық клирингілік қатысушылар үшін ашық позициялардың шектелімдерді орнатуды алып тастау және Биржаның осындай шектелімдерді Биржа, деривативтер нарығындағы кез-келген клирингілік қатысушы үшін белгілеу құқығымен алмастыру, егер клирингілік қатысушының қаржылық жағдайының нашарлауы туралы ақпарат болса немесе жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігіне әсер етуі мүмкін ақпарат болған жағдайда, Басқармасының шешіміне сәйкес белгіленген мөлшерде шектелімдер орнату құқығымен ауыстыру; - сауда-клирингілік жүйеде орталық контрагентсіз жасалған мәмілелер бойынша сауда-саттықтардың гросс есептеуге өтуіне байланысты, орталық контрагентсіз мәмілелерді жасасу үшін клирингілік және сауда- клирингілік шоттарын ашу және қолдану тәртібінің сипаттамасы; - дәлсіздіктерді алып тастау. Ережелердің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында жарияланады. [2020-06-30]