01 шілдеден бастап "Батыс транзит" АҚ KZ000A0T88N8 (BTTRb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатынан KASE ресми тізімінің негізгі алаңынан "облигациялар" санатына ауыстырылды

30.06.20 18:14
/KASE, 30.06.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының шешімімен 2020 жылдың 01 шілдеден бастап "Батыс транзит" АҚ (Алматы) KZ000A0T88N8 (BTTRb1; 100 теңге, 18 830,0 млн теңге; 30.03.06 – 30.11.25, жылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатынан КASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына ауыстырылды: Листингілік комиссяиның аталмыш шешімі 2020 жылдың 01 шілдесінен бастап күшіне енгізілді. KASE 2020 жылдың 26 маусымындағы қорытындысында, "Батыс транзит" АҚ және оның аталмыш облигацияларын тексеру қорытындысы бойынша KASE ресми тізіміне облигациялардың негізгі алаңның "облигациялар" санатына енгізу үшін өлшемдер мен талаптарға компанияның және оның аталмыш облигацияларының сәйкестігі анықталды. [2020-06-30]