30 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* индикаторлар сериясының өкілетті тізімінен "RG Brands" АҚ KZ2C00002129 (RGBRb7) облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды

30.06.20 15:32
/KASE, 30.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 30 маусымынан бастап негізгі сауда-саттық алаңының корпоративтік облигациялардың индикаторын (KASE_BM* ериясы) есептеуден "RG Brands" АҚ (Алматы) KZ2C00002129 (RGBRb7) облигацияларын, айналыс мерзімі аяқталуына байланысты, шығарды. 2020 жылдың 30 маусымынан бастап KASE_BM* индикаторлар сериясының өкілетті тізімі 29 атаудағы облигациялардан тұрады. KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы. KASE_BMC – жинақталған сыйақысын есепке алмағандағы бағалары ("таза" баға) бойынша есептелетін, корпоративтік облигациялардың бағалар индексі. Аталмыш индикатор Қазақстан қор биржасында күніне бір рет корпоративтік облигациялардың сауда-саттықтарының қорытындысы бойынша есептеледі. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf [2020-06-30]