KASE Директорлар кеңесі ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде репо операцияларын жүзеге асыру ережелеріне енгізілген түзетулердің жаңа редакциясын бекітті

30.06.20 15:14
/KASE, 30.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2020 жылдың 29 маусымындағы шешімімен "ASTS+ сауда-клирингілік жүйесінде сауда-саттық жүргізу әдістері туралы ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. Аталмыш түзетулер қор нарығында ASTS+ (әрі қарай – ASTS+) сауда- клирингілік жүйесінің екінші релизі қор нарығына өндірістік эксплуатацияға енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Аталмыш түзетулер арнайы мамандандырылған сауда-саттық ASTS+ әдісімен жүргізу мақсатында енгізілді. Ережелердің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында http://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf жарияланады. [2020-06-30]