"КазТрансОйл" АҚ өзінің KZ1C00000744 (KZTO) жай акциялары бойынша 2019 жылға дивиденд төлегені туралы хабарлады

26.06.20 17:59
/KASE, 26.06.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2020 жылдың 18 маусымынан 25 маусымына дейін өзінің KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTO) жай акциялары бойынша 2019 жылға, бір акцияға 118 теңгеден дивиденд төлегені туралы Биржаға хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сома 45 386 115 682 теңгені құрады, дивиденд төлеу үшін акционерлердің тізілімін тиянақтау датасы – 2020 жылдың 03 маусымы. Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_dividends_250620_4529.pdf [2020-06-26]