KASE Басқармасы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00006849 (AGKKb13) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады

26.06.20 10:05
/KASE, 26.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2020 жылдың 25 маусымындағы шешімімен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (НұрСұлтан) KZ2C00006849 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 12 ай; жылдық купон, жылдық 10,75 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша ресми тізіміне енгізілді. Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енетін күні туралы "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.4 қосымшасының 6 тарауы 1 тармағының шарттарын орындалған соң қосымша хабарланады. Аталмыш акциялардың Биржадағы сауда-саттықтарының ашылуы туралы қосымша хабарланады. "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаржылық кеңесшісі "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ болып табылады. Аталмыш облигацияларға AGKKb13 белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы қосымша ақпарат Басқарманың аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланды. [2020-06-26]