"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

25.06.20 12:59
/KASE, 25.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2020 жылдың 17 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - 2019 жылға компанияның қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2019 жылға таза табысы бөлінбесін, дивиденд төлеуге жұмсалмасын. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_decision_sole_shareholder_170620_562.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-06-25]