13 шілдеде "Fincraft" Инвестициялық үйі АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтеді

11.06.20 18:24
/KASE, 11.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Fincraft" Инвестициялық үйі АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2020 жылдың 13 шілдесінде сағат 10:00-де акционерлерінің келесі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады: - компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы; - 2020 жылдың 29 мамырындағы "Grant Thornton" ЖШС аудиторлық есебі бекіткен, 2019 жылға жеке қаржылық есептілігін бекіту туралы; Жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/IDFC/idfc_annual_shareholders_meeting_info_130720_0141.PDF жарияланған. [2020-06-11]