15 маусымнан бастап "Кселл" АҚ US48668G2057 (KCELd_US) депозитарлық жазылымдары Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

12.06.20 21:05
/KASE, 12.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасы 2020 жылдың 12 маусымында 2020 жылдың 15 маусымынан бастап, "Кселл" АҚ (Алматы) US48668G2057 (KASE аралас алаңы, KCELd_US) депозитарлық жазылымдары жартылай қамтамасыз ету мәмілелері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілген (Т+ қамтамасыз ету тізімі) қаржы құралдарының тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Т+ тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf жарияланған. [2020-06-12]