24 маусым күні Қазақстан қор биржасында "КазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00006781 (KAFIb10) 3,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

19.06.20 17:59
/KASE, 19.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2020 жылдың 24 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде "КазАгроҚаржы" АҚ (Астана) KZ2C00006781 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KAFIb10) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Алматы уақыты) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. --------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00006781 KASE сауда-саттық коды: KAFIb10 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000 000 000 – орналастырылған: 6 362 023 000 Айналыста болудың басталуы: 17.06.20 Өтеудің басталу күні 23.12.24 Айналыста болудың соңғы күні: 24.12.24 Айналыста болу мерзімі: 4,5 жыл (1 627 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 12,00 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына екі рет Купон төлеуді бастау күні: жыл сайын 24 желтоқсан және 24 маусым Уақыттық базасы: 30 / 360 --------------------------------- ----------------------- Сауда-саттық күні: 24.06.20 Өтеуге дейін мерзім: 4,5 жыл (1 620 күн) Жарияланған орналастыру көлемі 3 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: "таза емес" бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:30–13:30 Өтінімдерді растау уақыты: 11:30–14:00 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлем уақыты: 24.06.20, 15:00 Өтінімдерді қкесімдеу әдісі: бағалары кесімді бағаға тең немесе одан төмен қарсылама өтінімдер кесімделеді Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қарсылама өтінімдердің көлемдеріне пропорционалды кесімді баға бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Debts_List_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы Bonds_ST1_M --------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза емес" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайында жарияланған. Мәміленің көлемі http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 3 тарауының 18 тармағына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында кестеде көрсетілген уақытқа дейін болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың толық шығарылымы туралы ақпаратпен http://kase.kz/kz/bonds/show/KAFIb10 мекен-жайында танысуға болады. [2020-06-19]