Ресей рублінің 2020 жылдың 1 шілдесіндегі KASE сауда-саттықтарының регламенті

19.06.20 15:13
/KASE, 19.06.20/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 1 шілде Ресей Федерациясында демалыс күн болуына байланысты, "ACT және NEXT жүйесіндегі сауда-саттық регламенті" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2020 жылдың 1 шілдесінде ресей рубілінің KASE сауда-саттықтарының кестесінде келесідей өзгерістер болады: - RUBKZT_TOD, RUBKZT_0_001 және RUBKZT_0_002 қаржы құралдарының сауда-саттықтар өткізілмейді; - RUBKZT_1_002 қаржы құралының сауда-саттығы қолжетімді болады. 2 шілдесінен бастап ресей рублінің KASE сауда-саттықтары әдеттегі тәртіптемеде өткізіледі. ACT және NEXT жүйесіндегі сауда-саттық регламенті – http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf [2020-06-19]