12 маусымда "БАСТ" АҚ KASE сауда-саттық жүйесінде 12 000 KZ1C00001015 (BAST) жай акциясын 150,0 млн теңге сомасына орналастырды

12.06.20 19:21
/KASE, 18.06.20/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде 2020 жылдың 12 маусымында "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ1C00001015 (KASE альтернативтік сауда-саттық алаңы, "акциялар" секторы, BAST) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды. Ораналстыруға барлығы 36 920 жай акция ұсынылды. Сауда-саттықтың заты ретінде, үтірден кейінгі екінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, бір жай акцияның бағасы болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық түрде Алматы уақытымен (ALT) 11:00-ден 13:30-ға дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Өтінімдерді жинау кезеңі аяқталған сәтте KASE сауда-саттық жүйесіне заңды тұлғалардың шоттарынан 22 000 акцияны жалпы көлемі 270 000 000,0 теңгеге сатып алуға екі өтінім келіп түсті. Аталмыш өтінімдер 12 000 теңге және 12 500,00 теңге бағасымен берілген. Ұсынымға сұраным 59,6 % құрады. Сауда-саттықтардың нәтижелері бойынша сатушы бір өтінімді қанағаттандырып, 12 500,00 теңге бағасымен 12 000 акцияны сатты. Қаржы тарту көлемі 150 000 000,0 теңгені құрады. [2020-06-18]