Ю.Е. Харламов "Кселл" АҚ Басқарма мүшесі болып сайланды

17.06.20 12:12
/KASE, 17.06.20/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), Биржаға ұсынған ақпараттық хабарламасында былай делінген: цитатаның басы "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы көшбасшы оператор өз акционерлері мен инвесторларына 2020 жылдың 12 маусымында Компанияның Директорлар кеңесі келесі шешімдерді қабылдағаны туралы хабарлайды: 1. "Кселл" АҚ Басқармасының сандық құрамы - 5 адам, соның ішінде Басқарма Төрағасы және төрт Басқарма мүшесі деп белгіленсін; 2. Харламов Юрий Евгеньевич, Бас қаржы директоры, "Кселл" АҚ Басқармасының құрамына сайлансын, өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 19 маусымына дейін. "Кселл" Басқармасының өзгертілген құрамы: 1. Кукелис Каспарс – Басқарма төрағасы, Бас атқарушы директор, өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 19 маусымына дейін 2. Есіркегенов Асқар Әлибекұлы – Басқарма мүшесі, Бас техникалық директор, өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 19 маусымына дейін; 3. Ельцов Сергей Валерьевич – Басқарма мүшесі, Құқықтық сұрақтар бойынша Бас директор, өкілеттілік мерзімі 2021 жылдың 19 маусымына дейін; 4. Насритдинходжаев Хикматулла Завихуллаевич – Басқарма мүшесі, Бас коммерциялық директор, өкілеттілік мерзімі 2020 жылдың 18 қарашасына дейін; 5. Харламов Юрий Евгеньевич – Басқарма мүшесі, Бас қаржы директор, өкілеттілік мерзімі 2020 жылдың 19 маусымынан 2021 жылдың 19 маусымына дейін. цитатаның соңы Толық ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_board_changes_120620_4390.pdf [2020-06-17]