"Лондон-Алматы" Сақтандыру компаниясы" АҚ жалғыз акционері компанияның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігін бекітті және 2019 жылға жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

12.06.20 17:46
/KASE, 12.06.20/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Лондон-Алматы" Сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2020 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады: Жалғыз акционер келесі шешімдерді қабылдады: - 2019 жылға компанияның аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - өткен жылдардың бөлінбеген табысы мен 2019 жылдың табысының бөлігі есебінен жай акциялар бойынша 1 280 000 000 теңге көлемінде дивиденд төленсін. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/LNAT/lnat_decision_sole_shareholder_290520_46113.PDF мекен-жайында танысуға болады [2020-06-12]