/KASE, 12.06.20/ – Қазақстан қор биржасы бүгін сағат 14:00-ден 14:30-ға
дейін KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) қосымша
орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Алматы уақыты)
мамандандырылған сауда-саттық өткізілетінін туралы хабарлайды.
-----------------------------------------------------------------------------------
Қағаз тұрпаты: МЕККАМ-12
Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZK100000241
Шығарылымның реттік саны: 0148 / 012
KASE сауда-саттық коды: MКM012_0148
Номиналды құны, теңгемен: 100,00
Айналымдағы облигациялардың саны: 1 697 966 410
Айналысқа жіберу күні: 15.05.20
Айналыста болудың соңғы күні: 14.05.21
Өтеу мерзімі: 15.05.21
Айналыста болу мерзімі: 365 күн
Уақыттық базасы: actual / actual
------------------------------------------------ ----------------------------------
Сауда-саттық күні: 12.06.20
Өтеуге дейінгі мерзім: 337 күн
Қосымша орналастырудың жарияланған
көлемі, дана: 4 000,0
Сауда-саттық заты: "таза" бағасы
Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 100
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 14:00–14:30
Өтінімдерді растау уақыты: 14:00–14:45
Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін
Төлеу күні және уақыты: 12.06.20, 15:30
Нарық өтінімдерді қанағаттандыру орташа сараланған бағамен
әдісі:
Сауда-саттық жүйесі секторы MEKAM_ST1
Сауда-саттық жүйесі тобы MEKKAM_012
-----------------------------------------------------------------------------------
Өтінімде баға ретінде көрсетілген, номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақысын қоспағанда)
бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы
қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы
қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда
қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE
қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген
болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге
жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті.
Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған
жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні
http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді
шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету
және өтелу ережелері
http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида
http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы
бойынша жарияланған.
Аталмыш облигацияларды шағыру туралы толық ақпаратпен
http://kase.kz/ru/gsecs/show/MKM012_0148/ мекен-жайында танысуға
болады.
[2020-06-12]