"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

10.06.20 11:13
/KASE, 10.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 05 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - 2019 жылға банк басқармасының қызмет нәтижесі туралы есебі бекітілсін; - банктің 2019 жылға шоғырландырылған және "KPMG" аудиторлық компаниясы растаған, банктің жеке жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін; - банктің 1 292,1 млн теңге көлеміндегі 2019 қаржылық жылға жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін; - банктің 1 984 млн теңге көлеміндегі 2019 жылға таза табысы банктің резервтік капиталын қалыптастыруға жұмсалсын; - банктің корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітісін; - 2020 жылы банктің және еншілес ұйымдарға аудиторлық қаржылық есептілік жүргізу үшін "KPMG" аудиторлық компаниясы бекітілсін . Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/CCBN/ccbn_annual_shareholders_meeting_results_050620_8145.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-06-10]