"ҚазАгроҚаржы" АҚ облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

09.06.20 17:11
/KASE, 09.06.20/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2020 жылдың 09 маусымында "ҚазАгроҚаржы" АҚ (Нұр- Сұлтан) KZ2C00006781 (1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; айналымның аяқталу күні – 24.12.24, жартыжылдық купон, жылдық 12,00 %; 30/360) облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті: Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енген датасы туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланады. аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігі 2016 жылдың 09 маусымында тіркеген, "ҚазАгроҚаржы" АҚ екінші облигациялық бағдарламасы аясында 100,0 млрд теңгеге төртінші болып табылады. "Байтерек девелопмент" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше KAFIb10 қысқартылған белгілері (сауда- саттық коды) берілді. Аталмыш акцияларды шығарылым туралы толығырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң, KASE интернет-сайтында жарияланады. [2020-06-09]