"Amanat" сақтандыру компаниясы" АҚ жалғыз акционері 2019 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және жай акциялары бойынша дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады

09.06.20 15:18
/KASE, 09.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat" сақтандыру компаниясы" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. Акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - компанияның "Делойт" ЖШС тәуелсіз компаниясы аудит жүргізген, 2019 жылға компанияның қаржылық есептілігі бекітілсін; - компанияның 2019 жылға таза табысы бөлінбесін, дивиденд төлеуге жұмсалмасын; - компанияның Директорлар кеңесі мен атқарушы органының 2019 жылға сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/AMIN/amin_decision_sole_shareholder_290520_686.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-06-09]