"Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ жалғыз акционері компаняиының қаржылық есебін бекітті

08.06.20 11:24
/KASE, 08.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kazakhmys Copper" (Казахмыс Коппер) АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), акционерінің 2020 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады: Акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - компанияның 2019 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі (жеке және шоғырландырылған) бекітілсін; - компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібі және компанияның бір жай акцияға есептегенде дивиденд көлемі бекітілсін. Аталмыш ақпаратпен – https://kase.kz/files/emitters/KMCP/kmcp_decision_sole_shareholder_290520_08.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2020-06-08]