"БАСТ" АҚ 02 маусымында KASE сауда-саттық жүйесінде KZ1C00001015 (BAST) 14 820 жай акцияларын 200,1 млн теңгеге орналастырды
02.06.20 18:36
/KASE, 02.06.20/ – Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) "БАСТ" АҚ
(Алматы) KZ1C00001015 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, BAST)
жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-
саттық өткізілді.
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық сатушысы ретінде "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) қатысты.
Барлығы орналастыруға 67 125 жай акциялар ұсынылды.
Сауда-саттық мәні үтірден кейін екінші белгіге дейінгі дәлдікпен белгіленген,
бір жай акцияның бағасы болып табылады. Сауда-саттыққа қатысу үшін
өтінімдер жабық түрде алматы уақытымен сағат 09:30 -дан 13:30-ге дейін
берілді (ALT). Сауда-саттыққа тек шектеулі өтінімдер қабылданды.
KASE сауда-саттық жүйесіне өтінімдерді жинақтауды аяқтау сәтінде заңды
тұлғаның шотынан үш өтінім түсіп, 499 070 000 теңгеге жалпы көлемі 37 820
акция сатылды: екі өтінім 13 500,00 теңгеге және бір өтінім 13 000,00
теңгеге. Ұсынымға сұраным - 56,3 %.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша саудагер 13 500,00 теңгеден екі
өтінімді қанағаттандырып, 14 820 акцияны орналастырды. Тарту сомасы
200 070 000,0 теңге.
[2020-06-032]