02 шілдеде "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеді

02.06.20 10:18
/KASE, 02.06.20/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы), 2020 жылдың 02 шілдесінде акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады. Күн тәртібіндегі жалғыз мәселе: компанияның 2019 жылға таза табысын бөлу тәртібін анықтау және бекіту туралы, компанияның жай акциясы бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау. Аталмыш жиналыс туралы толық ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_0207 20_375.PDF [2020-06-02]