03 маусымда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-148 (KZK100000241) бесінші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі

01.06.20 15:28
/KASE, 01.06.20/ – 2020 03 маусымында Қазақстан қор биржасы KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық (Алматы уақыты) өткізілетіні туралы хабарлайды. --------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕККАМ-12 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZK100000241 Шығарылымның реттік саны: 0148 / 012 KASE сауда-саттық коды: MКM012_0148 Номиналды құны, теңгемен: 100,00 Төлеу күні: 1 173 380 410 Айналысқа жіберу күні: 15.05.20 Айналыста болудың соңғы күні: 14.05.21 Өтеу мерзімі: 15.05.21 Айналыста болу мерзімі: 365 күн Купондық мөлшерлеме: жылдық 5,00 % Уақыттық базасы: 30 / 360 ----------------------------------------------- --------------------------- Сауда-саттық күні: 22.05.20 Өтеуге дейінгі мерзім: 342 күн Орналастырудың жарияланған көлемі, дана: 10 000,0 Сауда-саттық заты: "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі,%: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) Төлеу күні және уақыты: 03.06.20, 15:00 Қанағатандыру әдісі: кесімді бағамен Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру қарама-қарсы өтінімдердің тәсілі: көлеміне пропорционалды Шектеулі өтінімдерді қанағаттандыру шектеулі қарама қайшы әдісі: өтінімдердің бағасы бойынша, кесімді бағаға немесе сатушыға тиімді бағамен орташа сараланған бағамен Сауда-саттық жүйесі секторы MEKAM_ST1 Сауда-саттық жүйесі тобы MEКKAM_ST1 --------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде көрсетілген, номиналды құнынан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" (жинақталған сыйақысын қоспағанда) бағасы төртінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Өтінімдегі қаржы құралының саны ретінде облигациялардың данамен саны көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лотқа тең немесе еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде облигациялар санының , өтінімде көрсетілген, бағасына көбейтіндісі көрсетілуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысушылар кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (бастапқы дилерлердің берген және KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Толық көлемде немесе берілген өтінімдерді бір бөлігі қанағаттандырылған жағдайда, тиісті сомасын төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін орналастыру ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ережелердің мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді шығару, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигацияларды шағыру туралы толық ақпаратпен http://kase.kz/ru/gsecs/show/MKM012_0148/ мекен-жайында танысуға болады. [2020-06-01]