/ҚАЙТАЛАУ/ KASE TELEGRAM ҚОСЫМШАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ АРНАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

01.06.20 14:57
/KASE, 01.06.20, 02.09.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Telegram – @KASEInfoBot. қосымшасында ресми ақпараттық арнасында бағалы қағаздар нарығы туралы ақпаратпен толықтырылғаны туралы хабарлайды. Ақпараттық арнаға @KASEInfoBot жазылған қолданушылар Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздар мен шет ел валюталарымен сауда-саттық барысы туралы, нарықтағы мемлекеттік және корпоративтік облигациялар нарығындаарнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу, дивиденд төлеу туралы хабарлама барысы туралы жедел ақпарат алып отырады. Сонымен қатар, КASE биржалық нарығының индикаторлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген валюталардың кросс бағамы қол жетімді. Ақпарат ыңғайлы әрі ықшам форматта. Сервис орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде тегін ұсынылады. Арна үнемі даму үстінде, таяуда Қазақстан қор биржасындағы бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру туралы бөлім, дивидендтер және басқа мәліметтер туралы бөлім болмақшы. @KASEInfoBot артықшылығының бірі пайдаланушыға ыңғайлы мерзімділікпен хабарламаны алуға мүмкіндік береді, яғни смартфон немесе комьютерге көрсетілген уақытта таңдалған ақпаратты автоматты түрде алуға мүмкіндік береді. KASE барлық ниет білдірушілерді https://t.me/KASEInfoBot ақпараттық арнасына қосылуға шақырады. * * * KASE ботына қосылу үшін Telegram іздегішінде @KASEInfoBot енгізу және "Start Bot" нүктесін басу қажет. Telegram-ды IOS үшін Appstore, Android үшін Playmarket – тен еркін көшіруге болады. Telegram ресми интернет-сайтында бағдарламаның үстелдегі нұсқасын Windows, MacOS немесе интернет-браузеріне көшіруге мүмкіндік бар. [2020-06-01]