Биржа акционерлері KASE 2019 жылғы қызметі туралы ақпаратты назарға алды

29.05.20 18:00
/KASE, 29.05.20/ – Бұрын хабарлағандай, 2020 жылдың 29 мамырында Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа), акционерлерінің сырттай дауыс беру арқылы өткізілген, KASE қызметімен байланысты негізгі мәселелері қарастырылған, жылдық жалпы жиналысы болып өтті. Биржа акционерлері, 2019 жылғы KASE қызметі туралы мәліметті назарға алды және 2019 жылға Биржаның жылдық аудиттелген шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігін назарға алды. 2019 жылғы KASE қызметі қорытындысы бойынша сауда-саттықтың жиынтық көлемі 118,1 трлн теңгені құрады және 2018 жылға қарағанда 7,6 % немесе 9,7 трлн теңгеге төмендеді. Оң динамиканы бағалы қағаздар нарығы көрсетті – өсім 8,5 % (көлемі – 5 286,8 млрд теңге), акциялар нарығын қаржыландыру бір жылда 11 % артып, 17,2 трлн теңгені құрады, Қазақстан қор биржасында айналымдағы корпоративтік борыш көлемі 12 % өсіп, 12,1 трлн теңгеге жетті. 2019 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес Биржа Тобының қаржы-шаруашылық қызметі келесі көрсеткіштермен сипатталады: - кіріс 4,3 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың нәтижесіне қарағанда 1,2 млрд теңге немесе 38,7 %. Қызметтер мен комиссялар бойынша кірістер 2,5 млрд теңгені құрады, 114,1 млн теңге немесе 4,8 % артып, пайыздық кірісі 1,03 млрд теңге немесе 154,1 % өсті; - шығыны өткен жылмен салыстырғанда 68,6 млн теңге немесе 3,5 % азайып, 1,87 млрд теңгені құрады; - таза табысы 2,2 млрд теңге, ол өткен жылдың қорытындысына қарағанда 127,2 % жоғары; - активтер 2018 жылмен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге (37,7 %) өсіп, 71,041 млрд теңгені құрады. Өсім орталық контрагент ретінде KASE қызметінің кеңеюіне байланысты өсті. KASE шет ел валюталары нарығында орталық контрагент қызметін 2018 жылдың 01 қазанынан бастап, ал қор нарығында (жеке қаржы құралдары бойынша) –2019 жылдың 03 ақпанынан бастап атқарады. Орталық контрагенттің қаржылай активтері 0,96 млрд теңгені құрайды, кері репо операциялары обойынша Орталық контрагенттің талаптары қор нарығында 25,3 млрд теңгені құрады. Ақша және олардың баламалары 20,3 млрд теңгені құрады, амортизацияланған құны бойынша есептелген қаржылай активтер 18,8 млрд теңгені құрады, көбінесе клирингілік қатысушылардың кепілдік жарналары мен маржалық қамтамасыз ету есебінен қалыптастырылды; - міндеттеме көлемі 17,0 млрд теңгеге артып, 59,6 млрд теңгені құрады, оның 55 % (32,9 млрд теңге) клирингілік қатысушылардың қаражаты құрайды (кепілдік жарналары мен маржалық қамтамасыз ету), 42% (25,3 млрд тенге) қор нарығындағы репо операциялары бойынша орталық контрагенттің міндеттемелері құрайды және 1,6% (0,9 млрд теңге) – валюталық нарықта орталық контрагенттің міндеттемелері. KASE 2019–2021 жылдарға арналған даму стартегиясы аясында 2019 жылы Биржа бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырды: - 2019 жылдың 03 желтоқсанынан бастап, қор нарығында KASE "Мәскеу биржасы" БАҚ (MOEX) сауда-саттық клирингілік жүйесі негізінде әзірленген ASTS+ , внедрена торгово-клиринговая система разработанная на сауда-саттық клирингілік жүйесін енгізді. Осы күннен бастап, KASE сауда-саттығы жаңа сауда-саттық жүйесінде ашылған, қаржы құралдары бойынша орталық контрагент (ОК) қызметін орындауға кірісті. Екі оқиға да KASE және MOEX арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімді жүзеге асыру кезеңдері болып табылады; - KASE валюталық нарықта орталық контрагент қызметін дамыту үшін өтімділік провайдерлерін тартты, олар Биржаға аталмыш нарықтағы есептеу режимін бұзу жағдайларын реттеуге және нарық қатысушыларына міндеттемелерінің (қытай юаньі – Алматы қаласындағы "Қытай Сауда-саттық өнеркәсіп Банкі", ресей рублі және еуро – Еуразиялық даму банкі, еуро – "Kaspi Bank" АҚ) уақтылы орындалуын кепілдеме беруге мүкіндік береді; - 2019 жылдың 29 қаңтарында KASE және MOEX Стратегиялық ынтымақтастық келісімі аясында KASE 32 360 акцияларын сату бойынша мәміле жасады. Мәміле қорытындысы бойынша Биржа капиталындағы MOEX үлесі орналастырылған акциялардың 3,32 % құрады; - Қазақстан Республикасы индекстелмеген бағалы қағаздарын нарықтық бағалау репрезентативтілігінің өсуіне ықпал ететін Нельсон-Сигель тәуекелсіз қисық кірістілігін құру үлгісіне негізделген, жаңа әдістемесі қолданысқа енгізілді; - Жыл бойы орындалу мерзімі бір жылға дейінгі АҚШ доллары/ қазақстандық теңге валюталық своп операцияларымен сауда-саттық ашылды; - 2019 жылдың 01 шілдесінен бастап, KASE Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 17.00 –ге дейін шет елдік валюта бойынша сауда- саттық күнінің ұзақтығын арттырып, сауда-саттық сессиясын аталмыш нарық сегментінде біріктірді; - KASE 2019 жылы отандық қор нарығында жаңа эмитенттерді тартуға бағытталған, іс-шаралар аясында Қазақстан аймақтарында кеңестік және көшпелі кездесулерді өткізу жұмыстарын жалғастырды. [2020-05-29]